Жаңа бір нұрдай тамамын

Жаңа бір Азат жылменен,

Жаңа бір ғажап

жылменен.

Жаңа бір жауған

ақ қардай,

Жаңа бір талдай бүрлеген.

Жаңа жыл..

жаңа…

жаңа күн!

Жаңа бір нұрдай

тамамын.

Жаңа өмір саған байлаулы,

Жамалым, менің

жанарым.

Жаңа бір жылдай

жаспын деп,

Өзегім жыр деп,

тасқын деп.

Мен саған аяқ

бастым кеп,

Сен маған ақ қар

шаштың кеп.

Өткен жыл, саған да

өкпем жоқ,

Жымидым, жаным

көктем боп.

Ескі жыл, сенен

кеткен боп,

Жаңа жыл, саған

жеткем жоқ.

Есірке, бірің жарылқа,

Пәксіңдер, пәк қой

қар ұлпа.

Қайсарлық сыйла әр ұлға,

Тарылма, дүние, тарылма.

Жаңа жыл, қайран

өткен жыл,

Тамып тұр тамшы

көктен бір.

Көшемде менің

көктем жүр,

Жаңа жыл… жайсаң

өткен жыл.

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.