ПоэзияРуханият

Ұстаз ұлағаты

Ұстаз деген шуақ шашқан күнмен тең,
Көкірегі қазыналы сырмен тең.
Ұлағатты ұстаздарың көп болса,
Ертеңіне кәміл сенер нұрлы өлкем.


Ұстазымды өз анамдай көремін,
Сыйлар маған ақыл-ойдың тереңін.
Арқасында ұстаз деген қауымның,
Шарықтамақ білімім мен өнерім.
Ұстаз жайлы талай-талай аңыз бар,
Мойнымызда өтелмеген парыз бар.
Санасына өмір сырын сіңірген,
Барлық ұрпақ ұстаздарға қарыздар!

Манас МЕЙІРХАНОВ,
«Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button