КоронавирусТеміртау

Теміртауда 3 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында үш адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олар Теміртау қаласының тұрғындары. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“36 жастағы ер адам бұрын провизорлық госпитальге жатқызылған. Ал, 21 және 49 жастағы әйелдер бұрын үй карантинінде болған. Жалпы алғанда, облыс аумағында коронавирус инфекциясының 93 жағдайы тіркелді. Оның ішінде бір адам қайтыс болды, ал, 12 науқас жазылып шықты”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button