Шет ауданында ілкімді жобалар жүзеге асуда

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВА Шет ауданына жұмыс сапарымен келді.

Бірқатар әлеуметтік нысандарға барған Қадиша Базарбайқызына аудан әкімі Марат Жандәулетов өңірдегі партиялық жобалардың жүзеге асу барысын таныстырды.

Аудан орталығында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында ашылған әлеуметтік тегін дүкенге бас сұққан Қадиша Базарбайқызы атқарылып жатқан жұмыстар мен тың жобалардың аяқ алысына оң баға берді. Бұл өзге өңірлерде де қолға алынуы тиіс игі іс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қадиша Базарбайқызы аудан әкімдігі ішінен ашылған «Ашық әкімдікте» жеке қабылдау жүргізіп, аудан активімен кездесті.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Жанат Сағадиев тағайындалды. Ал, аталған қызметті бұл уақытқа дейін атқарып келген Бейсентай Ілиясов зейнет демалысына шықты. Осы жерде Бейсентай Ілиясовқа партияның облыстық филиалы атынан Алғыс хат табысталып, аудан әкімі қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Думан ҚАБЫЛ