Облыс әкімі

Құрметті облыс тұрғындары!

25 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимніміз бекітілді. Осынау атаулы күн жас мемлекеттің бас­ты мерекелерінің біріне айналды.

Мемлекеттік Рәміздер ұлттық абыройдың нышаны ретінде сақталып қала береді. Олар өткен тарихтан сыр шертіп қана қоймай, елдің бейнесін әлемге танытып, ұлттық-мәдени біртектілікті, маңызды және жарқын бастамаларды жария етеді.

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік Рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді. Біздің ұлы әрі мазмұны бай рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Гимніміз бар» деген сөзінің мағынасы терең.

Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік Рәміздері тәуелсіз елдің ашық­тығын, өркениетке деген талпынысын, әлемдік қауымдастықтағы бастамаларға әзірлігін аңғартады.

Осының барлығы жүрегімізге ұялаған – Мәңгілік Елімізге деген сүйіспеншілікті еселей түседі.

Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймыз! Қазақстанның желбіреген көк Туының астында Сіздердің игі бастамаларыңыз жүзеге асып, үміттеріңіз ақталсын! Бір шаңырақ аясында достығымыз бен бейбітшілігіміз нығая берсін!

Ерлан ҚОШАНОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ,

Қарағанды облыстық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button