Қарағанды

Құрметті қарағандылықтар! Қадірлі мұсылман қауымы!

Дүние жүзі мұсылмандарының асыға күткен ең қастерлі де қадірлі мерекесі – Құрбан айт мейрамы құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгі адами құндылықтарды нығайтатын ең басты мерекелерінің бірі.

Біздің елімізде Құрбан айт мейрамын тойлау мәдени және рухани құндылықтарды дамытуда, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуда елеулі орын алады.

Құрбан айт халықтың басқа да діни мерекелері сияқты қазақстандықтардың рухани өміріндегі, моральдық-адамгершілік қағидаларын нығайтудағы, қоғамның ауызбіршілігін бекітудегі маңызды оқиғаға айналды.

Қастерлі Құрбан айт мерекесі игіліктің, мейірімділіктің, кеңпейілділіктің, жақындарға жанашырлық пен қамқорлықтың салтанат құруының нышаны. Бұл күндері жетімдерге, қарттарға, мүгедектерге және барша мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек жүректерді ізгілік пен ризашылыққа толтырады.

Жаратушымыз тілектерді қабыл етіп, құт-береке сыйласын! Елімізде әрқашан бейбітшілік, бірлік және келісім болсын! Барша қарағандылықтарға зор денсаулық, сәттілік және амандық тілеймін!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов

Қарағанды қалалық

мәслихатының

хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button