Бас тақырыпРесми

Павильонда – арзан азық-түлік

Қарағандыда тұрақтандыру қорынан көкөністер мен азық-түлік төмен бағамен сатылмақ. Бұл шара әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеуге көмектеседі.

Қазір тұрақтандыру қорында қарақұмық жармасы, күріш, май, қант және ұн секілді 768 тонна азық-түлік өнімі бар. Көкөністің үлесі – 2600 тонна. Бүгінгі таңда картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат және пияз сақталуда. Қордың маңызы – маусымдық тапшылық кезеңінде бағаның өсуіне жол бермейтіндігінде болып отыр.

  • Күзде біз қарақұмық бойынша интервенция өткіздік. Оны 185 теңгеден сатқан. Картопты 65 теңгеден саудаға шығардық. Енді қырыққабат бойынша интервенция өткіземіз. Оның бағасы келісіне – 83 теңге. Бұл өнімдерді нарықта бәсекелестік құру және бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік павильондар арқылы таратамыз, – деді «Сарыарқа» ӘКК басқарма төрағасы Марғұлан Кәрібеков.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button