Поэзия

Наурыз

Үйден шығып балалар,
«Жаз болды, міне! десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
Жылы ескектің лебімен,
Дүние балқып иіп тұр.
Сағындырған жаз әсері
Құшақтап беттен сүйіп тұр.
Жүгіріп су асығып,
Қар еріп жатыр сылқылдап.
Жазбен келген құстар жүр,
Шаттанып жырлап сұңқылдап.
Сумаңдап су сай-сайдан,
Ағып жатыр сылдырап.
Жас баладай алғашқы,
Сөйлеген күліп былдырап
Адам да, мал да өзінше,
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр,
Кәрі де, жас та, бала да.

Сәкен СЕЙФУЛЛИН.

Басқа материалдар

Back to top button