Мұғалімдер қашықтықтан жұмыс істей алады

Оқушылар демалысқа шыққан соң мұғалімдер мектепке бармай-ақ, қашықтан жұмыс істей алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Жалпы, елімізде 7300 мектеп бар. Сол мектептерде балаларды каникулға ертерек шығардық. 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникул жалғасады. Каникул кезінде мұғалімдердің мәселесі бар. Мұғалімдерге үйлерінде болып, қашықтан жұмыс істеуіне болады. Біз осыны ұсынып, барлық білім беру бөлімдеріне және мектеп директорларына осы ақпаратты жеткіздік», -деді министр.