Теміртау

Кәсіпорын айыппұл төлейді

   Теміртауда күлді орынсыз төккен жылу қызметімен айналысатын компанияға айыппұл салынды. Заңнамаға сәйкес күл үйіндісінің иесі ол тұрғын үйлерге ұшпау үшін күлді ылғалдандыруға міндетті. Алайда, «КарГРЭС-1» жылу стансасына тиесілі «Bassel Group LLS» ЖШС компаниясы бұл талапты орындамаған. Халықтан түскен шағымға байланысты табиғатты қорғау прокуратурасының басшылығының тапсырмасымен экология департаментінің қызметкерлері жоспардан тыс тексеру жүргізген көрінеді. Олар су ішінара ғана құйылғанын анықтады. Су тимеген күл тұрғын секторына тараған. «Күл үйіндісінің иесі мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген талаптарды бұзған. Талаптарды бұзу Экологиялық Кодекстің 47, 51, 199-баптарына қайшы келеді», – деп хабарлады Теміртау әкімшілік сотында. Әкімшілік сотының судьясы Назгүл Тілекова күлдің меншік иесі – «Bassel Group LLS» компаниясын ӘҚтК 332-бабын бұзғаны үшін айыпты деп таныды. Кәсіпорынға 500 АЕК, яғни 1 миллион 134 мың 500 теңге айыппұл салынды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button