Бас тақырыпОблыс әкімі

Көмір қоры – жеткілікті

Күпті көңілдердегі көмірге қатысты күдікті ресми мәлімдемелер сейілтуде. Аймақтың көмірмен қамтылуы былтырғы жылғыдай жұртты әбігерге салмақ емес. Ресми орындардың мәлімдеуінше, бүгінде тұрғындарды көмірмен қамту жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Көмір өндірумен айналысатын кәсіпорындарда жұмыс жоспарға сай. Көмірді саудалайтын орындарда көмірдің неше атасы және бар. Ол үшін қор да біршама. Мәселен, Қарағанды облысында биыл 38 млн. тонна көмір алынады деп күтілуде. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға артық. Өткен жылғы көрсеткіш 32 млн. тонна көлемінде еді.

Бұдан бөлек, тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін жеткізілетін көмірді 1 млн. тоннаға арттыру жоспарлануда. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл былтырғыдан 24 пайызға көп. Бұдан бұрын айтқанымыздай, облыста көмірді саудалайтын 38 орынның есігі айқара ашық. Соның ішінде, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бес ықтимал жеткізушісі бар. Олар – «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Sat Көмір» ГРК АҚ, «Қушоқы разрезі», «Молодежный разрезі» ЖШС және «Сарыарқа-Energy» ЖШС.

Қоймалар көмірдің түрлі маркасымен қамтылған. Олардың құны да сапасына қарай. Тұрғындар сапалы көмір алғылары келеді. Көмір өндірушілердің тұрғындар сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі мол. Мәселен, Қарағанды қаласының басында көмірді саудалайтын үш ұйым бар. Атап айтқанда, «Жалынды Отан» ЖШС, «Армандар орындалады» ЖШС, «Фирма Рапид» ЖШС. Шаһардың әр бөлігінде орналасқан бұлар арқылы көпшілік көксеген көмірін таба алады. Мұнда көмір қоры жеткілікті. Жоғары сұранысқа ие көмірлердің қоры да молайтылуда.

«Армандар орындалады» ЖШС басшысы Михаил Боровиков өңірлермен өтініш арқылы тығыз жұмыс жасап отырғанын айтады. Қоймада әр түрлі маркадағы көмір бар. Қор – жеткілікті.

Михаил БОРОВИКОВ, «Армандар орындалады» ЖШС басшысы:

– Біздің ұйым күнде таңертең сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоймада көмір қоры жеткілікті. Шамамен қоймада бүгінде 3 мың тоннаға жуық көмір бар. Атап айтқанда, «Шұбаркөл», «Сәт-көмір», «Богатырь» көмірлерін шығарып отырмыз. Өңірлермен түскен өтініштерге қарай жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, дәл осындай көмір саудасының көрігін қыздырған ұйым, жеке кәсіпкерлер әр қалада, әр ауданда әрекет етуде. Мұның сыртында аймақ басшысының көмір тасымалдаушылар көлігінің санын арттыру туралы тапсырмасын ескерсек, өңірлердің сұранысын қамтамасыз етуге әбден болады. Жалпы, өңірлерге көмір жөнелту алдын ала жасалған кесте бойынша жүргізілуде екенін атап өткен жөн. Жеткізу, саудалау және қөмір қорына ұдайы бақылау жүргізіліп, қадалағануда. Көмір бағасының шектен асып кетпеуі де назарда. Әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандарға жеткізілген көмір көлемі де астыртын тексерілмек.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button