Басты тақырыпШет

Діни ахуал талқыланды

     Жақында Ақадыр кентіндегі мәдениет үйінде «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары» атты өзекті тақырыпта семинар болып өтті. Семинарды аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин жүргізді. Семинарға Қарағанды облысының дін істері басқармасының өкілі Е.Бедеров, облыстық орталық мешіттің бірінші наиб имамы С.Құрманов, дінтанушы, теолог Ж.Нығыманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов, аудан прокурорының орынбасары Д.Құлжанбеков қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – жалпы аудан бойынша діни жағдайды сөз ете отырып, үкіметтік ұйымдар мен бірлестіктер арасындағы байланыс, діни бірлестіктер және кент, ауылдардағы діни жағдайды талқылау. Сондай-ақ, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, аудандағы жалпы діни ахуалды алға қойып, шешу жолдарын қарастыру. Семинарға ауыл, кент әкімдері, имамдар және мектептердегі дінтану пәнінің мұғалімдері, ақпараттық түсіндіру топ мүшелері, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов аудандағы жалпы діни ахуал бойынша баяндама жасады. Аудан бойынша діни бірлестіктер және олардың өкілдері туралы арнайы база қалыптастырылып, тұрақты түрде жаңартылуда екендігін, сонымен қатар, аудандағы діни жағдайды зерделеу мақсатында 2016 жылы аудан бойынша діни карта жасалып, арнайы жылдық жоспар арқылы жұмыстар жүргізілгендігін тілге тиек етті. Ақпараттық насихат тобының мүшелері өткен оқу жылында ірі елді-мекендерде болып, мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында Ақадыр, Мойынты, С.Сейфуллин атындағы кентте, аудандық мәдениет үйінде діни және дін туралы Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін айта келіп, бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанып, алдын алуда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және діни ақпараттық насихат тобы мешіттермен тығыз байланыста жұмыс атқару нәтижесінде діни ахуал назардан тыс қалмағанын айтып өтті. Сонымен қатар, келісімсіз шетелдерде білім алып жүрген азаматтардың ата-аналарымен жеке кездесулер өткізіліп, заңдылықтар түсіндірілу нәтижесінде барлығы елге қайтарылғанын айтып, бүгінгі таңда аудан бойынша екі бала елшіліктер мен мүфтияттың арнайы рұқсатымен Түркияда және Индонезияда діни білім алып жатқандығын жеткізді.

Облыстық орталық мешіттің наиб имамы С.Құрманов сөз алып, жат ағымға түсіп кеткен адамдарды қайтарудың әдіс-тәсілдерін түсіндіріп өтсе, дінтанушы теолог Ж.Нығыманов жастарды тарихтан тағылым алуға, дін мен дәстүрді қатар ұстауға шақырды.

Қарағанды облысының дін істері басқармасының өкілі Е.Бедеров семинарды ұйымдастырып отырған азаматтарға алғыс білдірді. Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының одағы жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Әбішев өз ойымен бөлісті.

Семинар соңында аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин қорытынды сөз сөйледі.

Сол күні насихат тобы кенттегі Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейі, М.Мәметова, Ә.Ермеков атындағы мектептерде болып, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.

Ш. МҰҚАЕВ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button