Бас жүлдені иеленді

Алматы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Күншуақ» Халықаралық фестиваль-конкурсына қатысқан Ұлытау ауданының орталығындағы «Өркен» балабақшасының тәрбиеленушілері ата-аналары мен жерлестерін айрықша қуанышқа кенелтіп, Ұлт ұясына абыройлы оралды.
Бәсекелі байқау қорытындысында өнерлі бүлдіршіндер «Сән театры» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алып, «Хореография» номинациясында «Балалық шақ планетасы» қойылымымен I орынның жүлдесін иеленді.
Сүйкімді сәбилер ордасының басшысы, Ұлытау аудандық мәслихатының депутаты Эльмира Ершұманованың пікіріне сүйенсек, мәртебелі байқауда маңдайлары жарқырауы балғындардың болашақта өнер биігіне талпынуларына берік негіз қалайтын болады.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

ҰЛЫТАУ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.