Шет

Балуандар бәсекесі

    Жақында Шет агротехникалық колледжі мен ауданның жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыстағы колледж студенттері арасында қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында Шет агротехникалық колледжінің директоры Рысбек Борхыбайұлы, облыстық білім басқармасы спорт бөлімінің басшысы Дархан Мансұрұлы, облыстық «Жігер» жастар ұйымының басшысы Еркебұлан Қойбағаров, жастар ресурстық орталығының маманы Амандық Амангелдіұлы сөз сөйлеп, спортшыларды құттықтады.

Сайысқа 14 елдімекеннен келген жүзден аса спортшы қатысты. Командалық есепте ұпай санымен Қарағанды «Болашақ» колледжі ІІІ орын иеленсе, ІІ орынды Шет агротехникалық колледжі еншіледі. І орынға Қарағанды агротехникалық колледжінің спортшылары көтерілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, медальдар және дипломдар табыс етілді.

Нұрдос КӘРІМ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button