Балаларға қолайлы жағдай жасалды

«Гиппократ» медициналық фирмасы өз басқаруындағы тағы бір емхананы күрделі жөндеуден өткізді. Темір­ таудағы №2 емхананың бірінші қабаты толығымен балаларға және әйелдерге бейімделген. Мемлекет­ тік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа келбетке ие болған емхананың педиатриялық бөлімі емделушілер­ ге есігін айқара ашты.

Бір қабатты толығымен педиатриялық және әйелдерге кеңес беру бөлімі етіп қайта ашу оларды ересектерден бөліп қабылдау мүмкіндігін береді. Әрі жалпы практика дәрігерлерінің жүктемесін айтарлықтай азайтады. Енді қаланың 12 мыңнан астам кішкентай тұрғыны 8 педиатр дәрігер мен оториноларинголог, офтальмолог, невропатолог, хирург, кардиолог сынды мамандардың бақылауында болмақ. Жеке анықтама бұрышы, балалар үшін демалатын орын жұмыс істеп тұр. Бөлек ем-шара кабинеті де жалпы кезектен тыс. Жүкті әйелдердің инфекция жұқтыру қаупін азай­ туға осындай шаралар сеп болмақ. Оларға арналған заманауи жаңа кольпоскоп, ДЭК құралдары да сатып алынған. Күндізгі стационардың жұмысы да жолға қойылған.

Жекеменшік фирма бірінші қабаттағы жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге жұм­ сапты. Медициналық құрал-жабдықтар са­ тып алуға да қосымша қаражат бөлінген. Бұдан бөлек емдеу мекемесінің жоғары қабаттарына да осындай жөндеу жұмыс­ «Гиппократ» медициналық фирмасы өз басқаруындағы тағы бір емхананы күрделі жөндеуден өткізді. Темір­ таудағы №2 емхананың бірінші қабаты толығымен балаларға және әйелдерге бейімделген. Мемлекет­ тік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа келбетке ие болған емхананың педиатриялық бөлімі емделушілер­ ге есігін айқара ашты. тарын жүргізу жоспарланған.

– Мемлекет мүлкін жекеменшікке берерде нақты міндеттемелер қояды. Сон­ дай-ақ, қандай қолдаулар болатынын да айқындайды. Тапсырыс – осынша, оған осынша қаражат бөлінеді, шамаң келсе, ал дейді. Салық жүйесі бойынша да көмек бар. Жеке сектор үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істеу тиім­ ді болмақ. Жүйе аясында халыққа көпте­ген медициналық қызметтерді ұсыну мүмкіндігіміз артады. Бұл емделушілер үшін де жақсы, қызметтер ақысын әлеуметтік сақтандыру қоры төлейтін болады, – деді «Гиппократ» медициналық фирмасының директоры Надежда Хохлова.

– Медициналық насанды сенімгерлік басқаруға берген кезде емдеу мекемесінің жағдайын жақсарту көзделеді. Бақылаушы ведомство ретінде әрі қарай жұмыс істей алу мүмкіндігін бақылаймыз. Тұрғындар тарапынан барлық медициналық қызметтің қымбаттап кету қаупіне алаңдаушылық болды. Бұл ретте алаңдауға негіз жоқ. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі барлық қызметтер тегін болады, – деді арнайы келген облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, ол биылғы қыркүйек-қазан айларында Теміртау қаласына 76 маман келетінін атап өтті. Ал, жалпы облыс бойынша 400 маманның келуі күтілуде.

– Маман тапшылығын толығымен шешу мүмкін емес. Біреуі зейнетке шығып жатады, денсаулығына байланысты жұмыстан қол үзетіндер болады, яғни, адами факторлар да әсер етеді. Сондықтан, тапшылық деңгейін барынша азайтуға жұмыс істеу керек. Мәселен, Теміртау қаласында 60 пәтерлік үйді балансымызға алып, жөндеп, дәрігерлерге тапсыру жоспарда бар. Бұл да мамандарды тартуға үлкен септігін тигізеді, – деді ол.

Кадр мәселесін шешуде «Гиппократ­ тың» қолданыстағы өз әдістері бар екен. Мекеме мамандарына фирма бекіткен ең­ бекақы беріледі. Сондай-ақ, сырттан келген дәрігерлерге пәтер жалдап беруді өз жауапкершіліктеріне алыпты.

Қазіргі таңда емхананың бас директоры Алексей Якимовтың айтуынша, алты маманға қажеттілік бар екен. Оны шешу жолдары қарастырылуда.

Медициналық қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуы – әр емделушінің тілегі. Тілегі ғана емес, заңды құқығы да. Сондықтан, Елбасы емханалардың қолжетімділік жерде болуын тапсырған еді. Жаңа емханалардың бой көтеріп, ескілерінің жаңартылуы Президент тапсырмасын орындай отырып жүзеге асуда.

Жансая ОМАРБЕК.