БалқашБас тақырып

Балқашта тегін инватакси қызметі пайда болды

Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы мамандандырылған «Инватакси» автомобилін сатып алды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мұндай жаңа жылдық сыйлықты Халық Банк пен  «Халық» жеке қайырымдылық қоры жасады.

– Қалада бүгінгі таңда 3860 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың 100-ден астамы арнайы автокөлік арқылы тасымалдау қызметіне мұқтаж. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе проблемалы болды. Тасымалдау бойынша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылды. 2019 жылы бұл мақсатқа 3 млн 600 мың теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ға артты, – деді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.
Балқаш қалалық Халық банкі филиалының директоры Александра Аглюкова «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Клара Жақыпбаеваға арнайы автокөліктің кілтін табыс етті. Машина арнайы көтергіш құрылғыларымен жабдықталған. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.
«Халық» қайырымдылық қоры Халық Банкімен бірге елімізде 2018 жылдан бастап «Инватакси» жобасын жүзеге асыруда. Алғашқы  жылы Қазақстанның ірі қалалары үшін 21 мамандандырылған автокөлік сатып алынды. Ал, былтыр  шағын және моноқалалар үшін 15 инватакси сатып алынған.

www.balkhash.gov.kz

Басқа материалдар

Back to top button