Бұрма – береке мекені

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген қазақ. Елбасы бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жер-жерде ауқымды шаралар атқарылуда. Ғалымдар ертеде өткен оқиғаларға оралып, тарихи жады жаңғыруда. Осы орайда, мен де осынау қисынды іске өз үлесімді қосқанды жөн көрдім.
Біздің Бұрма ауылы 1957 жылы құрылды. Совхозда 1957-1967 жылдары өзге ұлт өкілдері көп болды. Небары 3-4 қазақ отбасы тұрған.
Кезінде совхоз өте ауқатты шаруашылықтардың бірі болды. Экспортқа картоп шығарылды. Бұл Голландиядан әкелінген ерекше сұрып еді. Мал шаруашылығы өркендеп, сүт цехтары жұмыс істеді. Ірі қараның түрлі тұқымдары өсірілді.
Сексенінші жылдары ауылда «Арман» Мәдениет үйі, «Малышок» балабақшасы мен Бұрма орта мектебі тұрғызылды. Үлкен наубайханада күнделікті пісіріліп жататын бөлке нандарының дәмі әлі күнге дейін таңдайымда. Монша жұмыс істеді. Бұрма маңайдағы елді мекендер үшін үлкен мәдени, әлеуметтік орталық болды.
Биыл Шет ауданына 90 жыл толмақ. Мерейлі датаға үлкен жетістіктермен жеткен ауданның дамуына бұрмалықтар да елеулі үлес қосуда.
1909 жылы Ақсу-Аюлы өңіріне қадам басқан жазушы М.Пришвин туған өлкеміздің сұлулығына тәнті болған екен. «Непобедимое желание овладело мной, писал о природе Шетского района» деген сонда қаламгер. Бұл – біздің өлкемізге берілген жатжерліктің лайықты бағасы деп білемін.
«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз». Туған жеріміздің табиғатын, мәдени ескерткіштерін қорғайық, қадірлейік, ағайын.

С.МАЙҚАНОВА,
Бұрма ауылының тұрғыны.

ШЕТ ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.