Облыс әкімі

Ауыл әкімдері сайланды

29 тамызда облыстағы бірнеше ауылдық округ пен ауылдардың әкімдері сайланды. Сайлау алты ауданның 13 елді мекенінде өтті. Бұлардың қатарында Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау аудандары бар.

Сайлау нәтижелерімен облыстық сайлау комиссиясы таныстырды.

Жаңадан сайланған 13 ауылдық әкімдердің екеуі әйел. 41 жастағы Меруерт Мәдікенова Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Осыған дейін ол балабақша директоры болып қызмет еткен.

54 жастағы Меркурий Ысқақова Нұра ауданының Ахмет ауылының әкімі лауазымына сайланды. Осыған дейін ол мемлекеттік қызметте – осы әкімдіктің аға маманы болып жұмыс істеген.

Жаңадан сайланған әкімдердің жас мөлшерлері – 29-52 жас аралығында. Олардың басым бөлігі – мемлекеттік қызметкерлер. Аудандық және ауылдық әкімдіктерде бас немесе аға мамандар болып қызмет еткен. Арасында бір ІІМ зейнеткері бар. 46 жастағы Серікжан Мүсіпов Осакаров ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі болды.

Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округіне әкім болған 30 жастағы Нұрғазы Машрапов осыған дейін Ертіс ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.

Сайлауда орта есеппен бір орынға үш адам үміткер болды. Яғни, жалпы саны 40 үміткер тіркелген. Елімізде аудандық маңызы бар қалалардың, кенттер және ауылдардың әкімдері сайланады. Сайлаушылар жергілікті мәслихат депутаттары болып табылады. Сайлау құпия дауыс беру арқылы өтеді.

Үміткерлер жергілікті қауымдастықпен келісілгеннен кейін ұсынылады. Ереже бойынша олардың жасы 25 жастан төмен болмауы тиіс. Жоғары білімі болуы шарт.

Сайланған әкімдердің қызмет ету мерзімі – 4 жыл. Төменде жаңадан сайланған әкімдердің тізімін ұсынамыз.

Абай ауданы

Ақбастау а/о – Рымбек Базылұлы Тұяқбаев, 1968 ж.т.;

Көксу а/о – Батыржан Мұхтарұлы Оразбеков, 1968 ж.т.;

Мичурин а/о – Елдос Өміржанұлы Баймағамбетов, 1983 ж.т.;

Бұқар жырау ауданы

Ақбел а/о – Әлібек Байбекұлы Жүкенов, 1987 ж.т.;

Белағаш а/о – Рахат Смакұлы Әміров, 1988 ж.т.;

Үміткер а/о – Бейімбет Несіпбекұлы Бейсенбеков, 1966 ж.т.;

Сауықсу а/о – Самат Байымбетұлы Мейірманов, 1986 ж.т.;

Қарқаралы ауданы

Егіндібұлақ а/о – Меруерт Мәдікенқызы Мәдікенова, 1977 ж.т.;

 Осакаров ауданы

Ақбұлақ а/о – Нұрғазы Серғазыұлы Машрапов, 1988 ж.т.;

 Чапаев а/о – Серікжан Оспанұлы Мүсіпов, 1972 ж.т.;

Нұра ауданы

Тассуат ауылы – Мадияр Сайлауұлы Аманжолов, 1989 ж.т.;

Ахмет ауылы – Меркурий Мұқатайқызы Ысқақова, 1964 ж.т.;

Ұлытау ауданы

 Қоскөл ауылы – Досет Мұхитденұлы Уатаев, 1989 ж.т.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button