Ардагерлерге құрмет

         Жуырда Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында Ауғанстан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына ұйымдастырылған ерлік сабағы барысында Ауғанстан соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.
Ауғанстан жеріндегі қанды қасап басталып кеткенде сол соғыста Кеңес әскерінің құрамында Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеген өрімдей жастардың арасында біздің жерлестеріміз де болды. Міне, осы оқиғада қасірет көрген жерлестеріміздің бірі – Сергей Грызлов ерлік сабағына қатысты.
Мектебіміздің 1-2 рота тәрбиеленушілерімен бірлесе ұйымдастырған кездесуге арнайы келген ауған соғысы ардагері Сергей Грызлов Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында толғаныспен әңгімеледі.
– 1982 жылы Омск жалпы әскери училищесін тәмамдап, Оңтүстік әскерге кететіндей ниет болған, бірақ Ауғанстандағы Кеңес әскерінің шектеулі контингенті құрамымен әрі қарай әскери борышымды өтеуге соғыс өрті тұтанған Ауғанстан шекарасына өттім. Кандагар районында палаткалар құрылды. Негізінде ол жақта әскери борыш өтеудің уақыты 2 жыл шамасында болатын. Мен денсаулығыма байланысты 8 ай әскери борышымды өтедім. Ал, бір взвод командирі, ұлты молдаван, әскери борышының уақытын 3,5 жылға созып өтеді. Виноградник районында барлық үйлердің ішінен қару жарақ іздестіріп, тексерген де уақыттарымыз болды. Отты шайқас интуитивті бейсана дәрежесінде басқаша бағаланады,– деді С.Грызлов.
Кеш әрі қарай сұрақ‑жауап түрде өз жалғасын тапты. Тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған, көкейлеріндегі салмақты сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Сондай-ақ, кітапхана меңгерушісі Гүлбаршын Сейфуллина жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген Ауғанстан соғысының ардагеріне сый-құрмет көрсетті.
Кештің соңы тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Д.ҚАРАШЕВА,
Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.