Жаңалықтар

Қарағандылық ансамбль Гран-при ұтып алды

Алматыда «Өнерлі елдің өресі биік» атты әжелер мен аталар арасында ұйымдастырылатын ІІ республикалық байқау өтті. Көрермендер алдында еліміздің тоғыз облысы мен екі қаласынан жиналған 10 xор ұжымдары мен 30-ға жуық жеке орындаушылар өнер көрсетті. Барлығы байқауға 150-ге жуық адам қатысты.

«Хорда ән айту» номинациясында гран при сыйлығын қарағандылық ансамбль «Көзкөргендер» жеңіп алды. Бұған қоса, ұжым мүшелері соло номинациясында да үздік деп танылды – Хамит Көрікпаев және Сандуғаш Құлмақова өздерінің орындаған әндері үшін Гран-при алды, бірінші орын Ермек Кәрібаев, Болат Сәдуақасов және Дәметкен Қыдырғожинаға берілді.

«Көзкөргендер» вокалдық-этнографиялық ансамблі жеті жыл бұрын Кеншілер мәдениет сарайының жанынан құрылған болатын. Вокалшылардың жас мөлшерлері – 65-тен 85-ке дейін. Ұжым мүшелерінің көбісі осыған дейін Қарқаралы және Егіндібұлақта тұрған, бірін-бірі жақсы таниды, жиі кездесіп, қарым-қатынастары берік. Қалаға көшіп келгенде ұлттық өнер мен дәстүрді насиxаттау мақсатында шығармашылық ұжым құруды шешкен. Кеншілер мәдениет сарайының жетекшілері бұл идеяны қолдаған. Осылайша 2011-ші жылдың тамызында «Көзкөргендер» ұжымы құрылды. Бастапқыда ансамбльде 26 адам болған. Ұжым ұйымдастырушысы және оның көркем жетекшісі – ақын, журналист Қарлығаш Құспанова.
Бүгінде ансамбльдің құрамында түрлі xалықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары бар. Қ. Құспанованың және xор жетекшісі Ғ. Бейсембаеваның басқаруындағы ұжым Қарағанды, Абай қалаларында, Бұқар жырау, Осакаров және Шет аудандарында концерттер ұйымдастырып, өнер көрсеткен. 2015-ші жылы ансамбль Жеңістің 70 жылдығына арналған республикалық байқаудың жеңімпаздар қатарына енген. «Көзкөргендер» құрылған күнінен бастап мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған КМС саxнасындағы барлық концерттерге, жыл сайын 9-шы мамыр қарсаңында өтетін «Ардагерлер ән шырқайды» фестиваліне қатысады. Ансамбль бағдарламасында – xалық және қазіргі заманғы композиторларының туындылары бар.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button