Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда цифрлық технологияларды дамытуға арналған орталық ашылды

Қарағанды қаласында мектептерде цифрлық технологияларды дамытуға арналған ресурс орталығы ашылды. Мұнда мұғалімдерді білім беру платформаларын қолдануға үйретеді. 


Ресурс орталығы облыстық Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жанынан құрылды (С.Сейфуллин к-сі, 8/2). Жобаның әлеуметтік серіктесі –  “Bilim Media Group” компаниясы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба мұғалімдердің цифрлық ресурстарға қолжетімділігін арттырады. Ресурстық орталықта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру платформаларын пайдалану бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Оқытушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіріп, ашық сабақтар ұйымдастыра алады.
– Әрбір білім беру порталы өзінің пайдалы функцияларына ие. Bilimland.kz-те мұғалімдер өз сабақтарын  толықтыра алатын ресурстар бар. Itest.kz-те бақылау тестеріне немесе ҰБТ-ға дайындалуға, тестілеуді тапсыруға және өз қателіктерімен жұмыс істеуге болады. Қазақ тілді портал imektep.kz мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектепке арналған twig-bilim.kz – бұл ғылыми бейнероликтері бар танымдық порталдар, – деді Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Есбол Арынов.  

Бірінші курсқа облыстың қалалары мен аудандарынан білім беруді цифрландыруға жауап беретін мамандар шақырылды. 

Басқа материалдар

Back to top button