Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайды. 30 мамыр күні қала әкімі Нұрлан Әубәкіров оларға пәтер кілттерін табыстады.

Бұл пәтерлер Қарағандының Оңтүстік-Шығысында Байкен Әшімов атындағы жаңа шағын ауданда салынған үйлерде орналасқан. Болашақта мұнда қаланың әкімшілік-іскерлік және мәдени орталығы орналасады. Жаңа шағын ауданда әлеуметтік және спорт нысандарының, гүлзарлардың, концерт залының, балалар мен жасөспірімдер сарайының және тағы басқа да көптеген нысандардың құрылысы жоспарланған.

– Қазір облыс орталығында 1500-ден астам көпбалалы отбасы  атаулы әлеуметтік көмек алуда. Олардың ішінде 500-ге жуық адам  жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз етілген. Көп балалы ата-аналарға балабақшаларда 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, олардың балалары спорттық секциялар мен үйірмелерде тегін айналыса алады. Ал жазда “Салют” лагерінде демалуға мүмкіндік жасалған, – деп атап өтті Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде.  

Басқа материалдар

Back to top button