Жаңалықтар

Қала көркі – жасыл желек

Биыл күзде Қарағандыда 1650 шыбық отырғызу жоспарлануда. Егілетін ағаштар қатарында қайың, шие, жөке, қарағай секілді жалпақ және қылқан жапырақты шыбықтар бар.

Шыбықтардың алғашқы легі 21 қыркүйектегі сенбілікте отырғызылды. Бұдан бөлек, көгалдандыру жұмыстары бір ай бойы қаланың барлық аудандарында жалғасады.

  • Біз екі саябақты – Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы саябақты көгалдандыруды жалғастырамыз. Сонымен қатар, Нұркен Әбдіров даңғылындағы гүлзардың бос жерлеріне отырғызамыз. Қаныш Сәтбаев көшесіндегі саябаққа да ағаш егеміз, – деді өз сөзінде Қарағанды мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы бөлімінің басшысы Жанат Нұржанов.

Бөлім басшысының айтуынша, 21ші шағын ауданның, «Көгілдір тоғандар» және Жаңа Майқұдық Мәдениет сарайының алдында 650 жас ағаш пайда болады. Жасыл желектерді басқарма қызметкерлері күтіп баптайтын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button