Жаңалықтар

Айналымдағы естелік банкноттар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қарағанды филиалы тұрғындардың назарына қазіргі уақытта келесі естелік банкноталар ақша айналысында жүргенін хабарлайды:

  1. «КҮЛТЕГІН» түркі жазуы ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот, айналысқа енгізілген күні – 12.12.2013 ж.
  2. «ИСЛАМ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» Ұйымына Қазақстан Республикасының төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот, айналысқа енгізілген күні – 25.05.2011 ж.
  3. 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) Қазақстан Республикасының төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот, айналысқа енгізілген күні – 05.01.2010 ж.
  4. 2011 жылғы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік банкнот, айналысқа енгізілген күні – 17.01.2011 ж.
  5. Ұлттық валюта – теңгенің енгізілуінің 15 жылдығына арналған номиналы 5000 теңге банкнот, айналысқа енгізілген күні – 08.07.2008 ж.
  6. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10000 теңге банкнот, айналысқа енгізілген күні – 04.07.2011 ж.

Жоғарыда көрсетілген банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қандай да бір шектеусіз төлемдер мен банк операциялары үшін пайдаланылады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Қарағанды филиалының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button