Ақан серінің кесесі

Сәкен Сейфуллин 1935 жылы Ақан серінің шығармаларын жинап, жеке жинақ шығарған. Сәкентанушылардың деректерінде Ақанмен сыйлас, дәмдес болғаны туралы тағы бар. Айтпағымыз Ақан қолданған кесенің Нұр-Сұлтан төріндегі Сәкен СЕЙФУЛЛИН мұражайында сақталуы келісті-ақ.

Ақанның көзіндей болған бұл құнды дүниені музейге дәрігер Абай Байгенжин табыстаған. 1932 жылы Абай Қабатайұлының ата-анасына Ақан серінің туыстары сыйға тартып, аманаттап кеткен екен. Абайдың анасы өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтап, «музейге табыста», – деп өтініш айтқан.

Жәдігер XXI ғасырда Матвей Кузнецовтың танымал «Поставщик Двора Его Величества» фабрикасында жасалған, диаметрі – 45 cм. Астында арнайы таңбасы бар.

Қасымхан ҒАЛЫМ.