Ақтөбеде 10 500 медицина қызметкерінің айлығы өседі

Биыл шілде айынан бастап медицина қызметкерлерінің айлығы 30% артады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлады өңірлік  Aktobenews.kz порталы.

Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, білікті дәрігерлер жалақы төмен болғандықтан жеке емханаларға және басқа салаларға кетіп жатыр. Ал, айлықтың өсуі оларға үлкен мотивация береді. Биыл, Ақтөбе облысы бойынша, 10 500 медициналық қызметкердің айлығы көтеріледі.