Облыс әкімі

Қарағанды облысының әкімі кәсіпкерлерді пара бермеуге шақырды

Қарағанды облысында аймақ басшысы Ерлан Қошановтың бастамасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық – кәсіпкерлердің көзқарасымен» атты анонимді сауалнама жүргізілді. Аталмыш шара шілдеден бастап қыркүйекке дейінгі аралықта өтті. Оған барлық қалалар мен аудандардың 3000 мыңнан астам кәсіпкерлері қатысты. Сұрақ-жауаптар сыбайлас жемқорлық деңгейін және огның себептерін анықтау, жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін өткізілді. Зерттеу негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың рейтінгі құрылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты.


Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сұраққа жауап берген бизнесмендердің 14% «пара беру оларға көмектесетінін» айтқан. Көбіне сыбайлас жемқорлық жасаған заң бұзушылықтарына жауапкершіліктен құтылып кету үшін қолданылады, – дейді аймақтық Кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Ернар Күлпейісов Кәсіпкерлі мәселелері жөніндегі комиссия мен облысымыздың инвестициялық клматын жақсарту және инвестицияларды жұмылдыру бойынша Кеңестің біріккен отырысында.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері арасында: заңнаманың жетілмегендігі, бюрократия, жеке бас пайдакүнемділігіне талпыныс, пара беру арқылы проблемасын шешуге әрекет жасау. Кәсіпкерлердің пікірінше, анағұрлым жемқор органдар: полиция, мемлекеттік кіріс органдары. Сыбайлас жемқорлық қаупіне сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары, сәулет және құрылыс салалары жақын. Анағұрлым жемқорлықтан алшақ деп кәсіпкерлік бөлімдері, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласы аталды.
Ерлан Қошанов бизнесмендерді бар проблемаларын жасырмауға шақырды. Билік өкілдері оларды шешуге ат салысуға дайын, деді ол.
– Бұл сауалнаманы біз сыбайлас жемқорлықтың ең негізгі бағыттарын анықтау мақсатында ұйымдастырдық. Оның нәтижесі әрбір үшінші жағдайда жемқорлықтың бастамашысы бизнесмендердің өздері болатыны анықталды. Жәнеде сіздер өз-өздеріңізді қылмыстық қудалау қаупіне итермелейсіздер. Мұнда бизнес және билік, құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеулері тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін бір терезеден қызмет көрсету саласы кеңейтіліп, электрондық қызметтер енгізіліп жатыр, деді аймақ басшысы.
– Біздің кеңес беру органымыз арнайы түрде бизнесті қорғау үшін құрылған. Кез-келген кәсіпкер қағазбастылық, бюрократия немесе басқа да проблемаларға тап болса, оған көмекке жүгіне алады. Мұнда ашық алаң – бірлесіп мәселелерді шешетін боламыз, – деді Ерлан Қошанов.
Сыбайлас жемқорлық деректері жайлы Кәсіпкерлер палатасына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласып, мәлімдеуге болады: 50-64-15 (заңгерлік бөлім).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button