Жаңалықтар

Зымыраннан өрт шықты

     Сәрсенбі күні Ұлытаудағы Талап аулының маңы өртке оранды. Жерге құлаған зымыран қалдықтарынан тараған от 10 мың гектарға жайылды.

14 маусым күні сағат 15.20-да Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-06» жүк кемесі тіркелген «Союз-2.1а» зымыран тасығышы әуеге көтерілген еді. Зымыран тасығыштың бөліктері жерге құлап, нәтижесінде, Талап ауылының оңтүстік-батыс бағытындағы 20 шақырым жерде өрт тұтанды. Қатты жел мен аптап ыстықтан өрт 10 мың гектар алқапқа таралды. «Союз» зымыран тасығышына отын ретінде керосин қолданылған. Ал, гептил «Протон» зымыран тасығыштарында пайдаланылады.

Өрт сөндіру жұмыстарына 61 адам мен 22 техника күші жұмылдырылды. Шаралар барысында 1964 жылы туылған бір азамат қайтыс болып, 1968 жылы туған бір азамат ауруханаға түсті.

Өрт 15 маусым күні түнгі сағат 03.31-де сөндірілді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button