Жаңаарқа

Әзірлік бағамдалады

      Жаңаарқа ауданында азаматтық қорғау жүйесі қызметін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру және қыс маусымына әзірлікті бағамдау мақсатында «Қыс – 2016» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу-жаттығуларға аудан әкімдігі, аудан мекемелерінде құрылған азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары және басқа да мүдделі органдар қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Мұқанов жолды пайдалану қызметі құрылымдарының қар тазалау техникалары, жылумен қамтамасыз ету, өрт сөндіру, медицина, жол полициясы, сондай-ақ, темір жол қатынасы мекемелерінің қытымыр қыс айларына дайындығын мұқият бағамдады. Жекелеген мәселелер бойынша ескертулер жасап, жалпы дайындық ахуалына оң баға берді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button