Қарағанды

Өзін тану – өмір тану

Қазіргі қоғам жастарды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеуді талап етеді. Рухани–адамгершілік тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру – дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға өріс ашады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мектеп бағдарламасына арнайы пән ретінде енгізілуі де жеке тұлғаның жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі саналады. № 27 «Балдәурен» балабақшасының ересек топтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша осы жолдардың авторы және Г.Мамырованың бірігуімен оқу қызметінің тақырыптық жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, ата-ана және тәрбиешілер баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасының ерекше рөл атқаратынына баса назар аударуда.

Ал, балабақшада «Өзін-өзі тану» сабақтары басталмас бұрын ата-аналармен жиналыс өткізіліп, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері айтылды.

Ә. ЖҰМАТАЕВА,

№ 27 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button