Пікірлер

Жігерімізді жаныды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ еліміздегі төтенше жағдайдың алынуы туралы мәлімдемесімен жедел әрі мұқият таныстым. Онда күрделі кезеңде атқарылған ұшан-теңіз жұмыс пен алдағы жоспарлар тілге тиек етілді.

Әсіресе, «Қазақстандықтар бұл жолы да «бір жеңнен – қол, бір жағадан – бас» шығара білді. Біз бірге болсақ, барлық қиындыққа төземіз. Кез келген міндетті орындауға мүмкіндігіміз жетеді» – деген жүрекжарды сөзі рухымызды көтеріп, жігерімізді жаныды.

Алдағы уақытта індет қайта белең алуы мүмкін. Сондықтан, сақтық шараларын жалғастырған жөн.

Біз Президенттің шешімін қолдаймыз, ел бірлігіне қатысты ұстанымын жүзеге асыруға күш саламыз. Бірлік пен ынтымақтастық, татулық бізге қашанда күш береді.

Эдуард КИСТ,

«Видергебурд» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button