Жаңалықтар

«Жиһад» – нәпсімен күрес

       Ең әуелі ішкі жан дүниеңді, жүрегіңді тазарту – «жиһад» ұғымының аясына кіреді. Нәпсіңді тию арқылы болмысыңды көркем қасиеттермен толтыру да осы ұғымды толықтырады. Осы мақсатта «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» облыстық дін істері басқармасымен бірігіп, орталық мешіт алаңында «Мен терроризмге қарсымын» кезекті акциясын өткізді. 

Белсенді жастар аталған акция барысында тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, мемлекеттің зайырлылығын насихаттау және діни экстремизмнің алдын алуды көздеді.

Көпшілікке жақындарын деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуден сақтандыру жолдары жөнінде кеңестер берді. Мешітке келушілерге жұма намазынан кейін мемлекеттің зайырлылығының негіздерін және «жиһад» сөзінің шынайы мағынасын түсіндіретін ақпараттық буклеттер таратты. Әсіресе, радикалдық діни ағымдар өкілдерімен өз отандасына қарсы қарулы соғыс ретінде қате түсіндірілетін «джихад» ұғымына тоқталды. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. «Жиһад» сөзінің шынайы мағынасы – әркімнің өзінің ішкі дүниесі мен жүрегін тазарту, өз кемшіліктеріңді түзету, өз нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін жеңу екенін тарқатып айтты. Тұрғындарға қоғамның зайырлы сипатын ескере отырып, түрлі діни нанымдарына, пікірлеріне және сенімдеріне қарамастан, адамдарға бірге тұруға мүмкіндік берілетіні айтылды. Мысалы, Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет «жиһад» саналады. Әсіресе, қандай да болсын қиын жағдайларға қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, сондай-ақ, қоғамдағы атқарылған сауапты шаралар исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді.

Сондай-ақ, тұрғындар назарына зайырлы мемлекеттің қағидаттарына қол сұғу – конституциялық жүйені бұзу екені ескертіліп, есте сақтау қажеттігі ескертілді.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button