Руханият

Жетім көрсең, жебей жүр…

АК-159/6 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерғазы САРТАУОВТЫҢ бастамасымен Қасиетті Құрбан айт мейрамы және Отбасы күніне орай, ата-ана мейіріміне мұқтаж балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында әділет майоры С.Сыздықова, әділет майоры А.Вагнер және Д.Оразбаева арнайы сатылып алынған тәттілердің түр-түрін, мекемеде ұсталатын сотталғандардың қолөнер туындысы «Мұсылман мешіті» макетін, балғындарға лайықталып жасалған орындықтар, оқушылар сөмкелері және «Омельницкий» жеке кәсіпорны қайырымдылық ретінде бөлген 150 дана балмұздақты көтеріп, Қарағанды қаласындағы «Құлыншақ» балалар үйіне атбасын тіреді.

Еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда, яғни, соғыс жылдарында ашылған бірен-саран балалар үйі – бүгінгі күні ата-анасыз қалған балалардың панасы. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың ыстық құшағынан ажыраған сәбилердің өмірі кез келген адамның жүрегін бір қарып өтері айдан анық. Дегенмен, «Құлыншақ» балалар үйінің директоры Светлана Маратқызының аппақ пейілі, тәрбиешілер тарапынан сезілетін мейірім балалардың жүрегіне жылу ұялатуда. Балалар үйінде 4 жастан 18 жасқа дейінгі 140-қа жуық тәрбиеленуші бар. Балалар топтарының көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған, аға-қарындасты, апалы-сіңілі болып, бірге тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер жақын маңда орналасқан мектептерде білім алады.

Долинка кентіндегі АК-159/6 меке­месінің қызметкерлері ұйымдас­тыр­ған «Жетім көрсең жебей жүр…» қайырымдылық акциясы Тәуелсіздік ұландарына Айт мейрамының ізгілік шуағын сездіріп, жүздеріне қуаныш реңін сыйлады.

Назым БАРЛЫБАЙ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button