Жетілдірілген жаңа Заң
Биылғы маусым айында Сенат депутаттары «Прокуратура туралы» жаңа Заңды бірауыздан мақұлдап, оған Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қол қойды. Жаңа заңға сәйкес прокуратура қызметі саласы Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғарғы қадағалауды, сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етуді және мемлекет атынан қылмыстық қудалау жүргізуді қамтиды.
Заңда прокуратура органдарының мақсаты айқындалған, тексерілетін субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген, прокурорлармен тағайындалатын тексерістердің және сотқа талап арызбен жүгінудің негіздері қысқартылған. Прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі анықталды.
Сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету және қылмыстық қудалау, сонымен қатар, прокуратура қызметінің өзге мемлекеттік құқықтық статистика, арнайы есеп жүргізу, біртұтас кадрлық саясатты жүзеге асыру Заңда жекелеген тарауларға ұтымды енгізілген.
Жалпы, бұл жаңа Заң заманауи тұрғыда барлық талаптарға сай келетін, әрі халықтың құқыққорғау органдарына деген сенімін арттыру бағытында көптеген тыңғылықты саралаулардың нәтижесінде әзірленген.
Жігер МӘЛТІКОВ,
Қарағанды облыстық
прокуратурасының
4-ші Басқарма прокуроры, 1-ші сыныпты заңгер.