Бас тақырыпЖаңалықтар

Жерлестеріміз – Азия чемпионы

16-18 тамыз күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында бозкілем білектілері қазақ күресінен жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына қомақты жүлде салды.

Чемпионатқа Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея, Жапония, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан сияқты 11 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бозкілемдегі кездесулер сегіз салмақ дәрежесі бойынша өтті.

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен қарағандылық үш балуанымыз да жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 55 келі салмақта Нариман Тұтқышев пен 60 келіде Еламан Қуанбай қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Ал, абсолюттік салмақ дәрежесінде Бекзат Ахметбеков күміс жүлдені еншіледі.

Жерлестеріміздің жарқын жеңісі – елдің абыройы.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button