Жаңалықтар

Жер телімдеріне – қатаң бақылау

Осыған байланысты 2016 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Премьер-министрі және ҚР бас Прокурорымен бірлескен «Жер заң бойынша – өздігінен басып алуды тоқтатайық» жобасын жүзеге асыру бойынша Жоспар  жасалды және бекітілді.

Заңнамаға сүйенсек, ҚР Жер кодексі 10-бабы  43-тармағы бойынша «Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi».

Тәжірибеде,  заңның осы талаптарының бұзылуы ол жеке тұлғалардың жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алғанға және аумақтық шекараларын белгіленгенге  дейін қолында жер комиссиясының оң шешім ғана бола тұрып (атауына тек ұсыныстық сипаты бар, өзінің мәні жағынан құқықты белгілейтін құжат болып табылмайды) жер учаскесінде қызметін жүзеге асырады, онда құрылыс салып, жер және т. б. жұмыстарын жасап осылайша қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын бұзады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау әрекеттері – жеке тұлғаларға -елуден жетпіс бес айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

147 баптың 2-1 тармағына сәйкес. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу;

729 баптың 3 тармағына сайкес  Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136  мекен аумағында жеке тұлғалар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1 бабының 2 тармағының негізінде, Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті.

Жер учаскелерін өз бетімен иелену жағдайларын болдырмау үшін және заңсыз құқық белгілейтін құжаттарсыз құрылыс салу, азаматтарға және заңды тұлғаларға өз бетінше иелену қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін сезінуі қажет.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 бабына сәйкес  (жерге мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы),  мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ,  уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау заң аясында жауаптылыққа тартады. Атап айтқанда,  жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 2 тармағы. 164-1 бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті. Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін өз бетімен иеленушілік пен құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз құрылыс салу қандай салдарларға әкелетінін айқын түсіндіруіміз керек.

Көкейлеріңізде көкейкесті сұрақтарыңыз, мәселелеріңіз болса, сенім телефонына 8(7212) 47-82-25 қоңырау шалыңыз немесе азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған Басқарма сайтының «Жерді заң бойынша иемденейік» бөліміне жазыңыз.

Сонымен бірге, заңсыздық анықталған жердегі жергілікті қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне өтініш беріңіздер.

 

Қарағанды облысының

жердің пайдаланылуы мен қорғалуын

 бақылау басқармасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button