Басты тақырып

Желіні дамыту жоспарымен танысты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ Қарағанды қаласының көше-жол желісін дамытудың жоспарымен танысты. Алдымен, Гоголь және Ленин көшелерінің қиылысындағы автокөлік жолының учаскесінде болды.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров көше-жол учаскесін дамытудың 2017 жылға арналған жоспары туралы есеп берді. Келер жылы Приканальная көшесінен Республика даңғылына дейінгі автокөлік жолының учаскесі жөнделеді. Сондай-ақ, Гоголь көшесінің бойы күрделі жөндеуден өтіп, автокөлік жолдарының 131 учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Төлепов, Жамбыл, Лободы, Охотская, Тәттімбет, Сатыбалдин, Зелинский, Луначарский, Серов, Жеңіс, Методическая көшелерін де орташа жөндеумен қамту көзделіп отыр. Жалпы, алдағы жылы жалпы көлемі 135 шақырымға тең автокөлік жолы жөнделеді деген болжам бар.

Асылбек Дүйсебаев Қарағанды қаласының әкіміне екі аптаның ішінде автомобиль жолдарын жөндеу жоспарының осы тізімін қаланың қоғамдық кеңесімен келістіруді тапсырды.

Қаланы аралап көрген Асылбек Дүйсебаев «Благоустройство» КМК-нің биылғы жауған қарды тазалау жұмыстарына сын айтты. Мекеменің басшысы Нұрлан Мусиповке және басшының орынбасары Қали Оразбаевқа сөгіс берілді.

Көшпелі жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары қала басшысына және жобалау институттарына бірнеше тапсырма берді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button