Жаңалықтар

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру

«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызметін Әділет министрлігі көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:

лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке куәлігі және жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

дипломының бар екендігі туралы;

еңбек қызметі туралы;

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестаттауды тапсырғаны туралы;

5) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

Порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

3) мынадай ақпараты бар осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;

дипломының бар екендігі туралы;

еңбек қызметі туралы;

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 5-тармағында көрсетілген адамдардан басқасына аттестаттауды тапсырғаны туралы;

4) шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімін өткендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды уәкілетті органға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесі.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі және мерзімді өндіріп алу бойынша үш айдан астам берешегі туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің дерекқорынан ұсынылады.

Қарағанды облысы

Әділет департаменті

Жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button