Жаңалықтар
Жаз жаттығумен өтеді
«Сарыарқа» маусым алдындағы дайындық жұмыстарына кірісті. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы жазғы жаттығу кестесін таныстырды.
2 шілдеде хоккейшілер Қарағандыда жиналып, 3-6 шілде аралығында толыққанды медициналық тексерістерден өтеді. 6-18 шілде күндері осында болады.
16 шілдеде «Сарыарқа» «Теміртаумен» жолдастық кездесуде күш сынасады. Одан кейін Словакияға аттанады. 7 тамызға дейінгі жаттығу жиыны барысында Словакия мен Чехияның бетке ұстар клубтарымен кездеседі.
20-26 тамыз күндері Орынбор облысы губернаторының жүлдесіне арналған турнирге қатысады. Маусым қарсаңындағы соңғы жаттығулар 28 тамыздан бастап жоспарлануда.
Нұрқанат ҚАНАФИН.