Жауынгерлер қанша алды?

Ұлы Отан соғысы кезінде ақша үшін соғыспаса да, майдангерлерді құр қол қалдырған жоқ. Сол жылдарда үкімет қарапайым шындықты: егер өз әскерін тойындыра алмаса, басқаның әскерін тамақтандыратынын жақсы түсінді.

Қызыл Әскерге 1939 жылдан бастап: взвод командиріне – 625, рота командиріне – 750, полк командиріне – 1200, дивизия командиріне – 1600, корпус командиріне – 2000 сомнан төлеп тұрған.

Мұнымен қоса, офицерлерге лагерь ақы, көтерме ақы, курстық ақы және басқа да қосымша ақылар төленген. Көбіне офицерге тұрмысқа шыққан қыздар байдың қызынан кем болған жоқ, оларға жеке қызметші берген, мұндай қызметті кез келген Кеңес азаматы пайдаланған жоқ.

Ұлы Отан соғысы басталысымен олардың әскери жалақысын көтереді, оларға енді жауынгерлік деген қосылатын болды.

Қосымша төлем әскери атағы мен әскери қызметінің мерзіміне байланысты болды.

Мысалы, жаяу әскер соғысқа дейін бірінші жылда 8 сом 50 тиын алған болса, енді олар жауынгерлік қосымшамен бірге 17 сом алатын болды.

Жауынгерлік қосымша соғыстың екінші күнінен басталып төленіп, оларға жалақы төлеу айлығы 40 сом болса, 100% қосылды, 40 сомнан 75 сомға дейін – 50%, 75 сомнан асқандарға 25% есебімен жүргізілді.

Майдандағы офицерлердің жалақысы солдаттардыкінен әлдеқайда жоғары болғаны белгілі. Әрине, ат­қарған лауазымы ескерілетіні түсінікті, өйткені майданда офицерлерге әскери атағы үшін төленген жоқ.

Соғыс кезінде взвод командирі – 800, батальон командирі – 1 100, корпус командирі 2500 сом алды.

Майданда жалақымен қоса жаудың техникасын жекелей жайратқаны үшін ақшалай сыйақы беру де көзделді. Мысалы, танкті өртесе – 500-ден 1 500 сомға дейін, самолетті атып түсірген болса – 1 000 сом, кемені суға батырса 10 000 сом төленді. Сыйақы төлеу бөлім командирінің жазбаша растауы бойынша жүзеге асырылды.

 Жалақы майдангердің жинақ кассасындағы есепшотына аударылды.

Ай сайын белгілі бір күнде, әскери бөлімнің қай жерде тұрғанына қарамастан, қаржы бөлімінің бастығы арнайы келіп, әркімге жеке қол қойғызып, банк аудармасын атқарды. Жауынгерлер көбіне өзінің жалақысын аттестат бойынша әйеліне немесе ата-анасына аударып отырды. Сол бір сын сағатта жақындары үшін мұның қаншалықты көмек екенін өздеріңіз ойлай беріңіздер.

Әйтпесе, майданда жауынгерлерге қолдай ақша берген жоқ, олар өздерінің жалақысын тек қағаз жүзінде ғана көрді, сондай шақта олар бұл туралы ойларына алған да жоқ еді. Ақшаларының үйлеріне аударылып жатқандығы, ең бастысы жақындарының қолына тиетіндігі оларға жеткілікті болды.

 Ғаламтор материалдарынан дайындаған Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.