Рухани жаңғыру

Жауапкершілігі зор қызмет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүние танымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген еді. Бұл ретте, Президенттің стратегиялық бағыт-бағдарына сәйкес, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай тереңдете жаңғырту тұжырымдамасы – жаңа заман талабына көшуге бейімделген.

Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, 2009 жылдан басталған көпжылдық еңбектің нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесі нақтыланып, бір жүйеге келтірілді. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызмет атқарудың стандарттары әзірленді. Институционалдық өзгерістер жүргізіліп, жаңа пішінді арнаулы әлеуметтік қызметтер дами бастады. Қаржыландыру жүйесі де өзгерді. Әлеуметтік мекемелер қызметкерлерінің құрамы өзгеріп, кеңейтілді.

Облысымызда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іргелі мекемелердің бірі – Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ 1989 жылдан бастап қызмет атқарады. Бұл 151 қызмет алушының тәулік бойы тұрақты тұруына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Мекеменің қызмет көрсетудегі негізгі міндеттері қатарында қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулығына қарай мейлінше жайлы тыныс-тіршілік жағдайын қалыптастыру. Бұдан бөлек, қызмет алушыларды қабылдау және олардың науқастарын, жағдайының ауырлығын, жасын ескере отырып орналастыру, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізу арқылы станционарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасау. Сондай-ақ, стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету.

Қызмет алушы қабылданған соң, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, ұйымдағы басқа да мамандар 14 күннің аралығында арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындайды. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге жеке жұмыс жоспарын әзірлейді. Қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын қаралады. Ұйымдағы әрбір маман лауазымдағы нұсқаулыққа және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ат салысады. Оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын қорытындылап отырады.

Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, әлеуметтік-медициналық қызмет, әлеуметтік-психологиялық қызмет, әлеуметтік-еңбек қызмет, әлеуметтік-мәдени қызмет, әлеуметтік-экономикалық қызмет, әлеуметтік-құқықтық қызмет сынды 7 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Интернат үйінде қызмет алушыларға толыққанды барлық жағдай жасалған. Тұратын бөлме әр адамға мөлшер бойынша кемінде 5 шаршы метрден келеді. Ғимарат – оңалту, емдеу, мәдени іс-шаралар жүргізу, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын қамтамасыз ету, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне үйрету мақсатында қажетті жиһазбен жабдықталған. Қызмет алушылар 4 мезгіл тамақтандырылады. 2-ші қабатқа көтерілетін лифт жұмыс жасайды. Қызмет алушыларды емдеуге, мәдени іс-шараларға қатыстыруға арналған көлік бар. Шаштараз, кітапхана, емдеу, физиология кабинеттері жұмыс жасайды. Әрбір мерекеде акт залында мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Осы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің нәтижесінде көптеген қызмет алушылар әлеуметтендірудің жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Соның жарқын үлгісі, мекемеміздің қызмет алушысы – Наталья Николаевна Звягинцева. Ол кісі 1976 жылы 30 қарашада дүниеге келген. Бүгінде мекеме мамандары көмегінің және өз күш-жігерінің арқасында ол жүзу спортынан үлкен жетістікке жетті. ҚР Ұлттық құрамасының беделді мүшесі болып табылады. Ол – Лондон, Рио параолимпиадаларына қатысушы. Көптеген Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Мекемемізге ерекше ыстық 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі мен әлеуметтік қызметкерлер күні мерекесі жақындап қалды. Қазіргі кезде біздің елімізде қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен мән беріліп, көңіл аударылып, мемлекет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыз деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа үлгі. Медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері өзінің қажырлы да қайратты еңбегінің арқасында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кезінде өз ошағынан көрмеген жылу мен қамқорлықты сыйлауда. Сондықтан, алдағы қос мереке қарсаңында халықты әлеуметтік қорғау саласы мамандарына тек қана жақсылық тілегім келеді.

Н.СЫЗДЫҚАН,

Қарағанды қаласының

қарттар мен мүгедектерінің

1 медициналық-əлеуметтік мекемесі

директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button