Жаңалықтар

«Жасыл экономикаға» қомақты инвестиция

«Соңғы бес жылда Еуразия Одағының қаржылық институттары Қазақстанның «жасыл» энергетика саласындағы жобаларына 500 млн. евро инвестициялаған», деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Еуропалық инвестиция банкінің бас хатшысы Клаус Тремель ұсынған деректерге сүйенсек, 100 млн. евро көлеміндегі соңғы транзакция өткен аптада жүзеге асырылған.

 «Біз Қазақстаннан мұнай мен уран ғана жеткізуден (Қазақстаннан Еуропа елдеріне уран жеткізу үлесі жалпы көлемнің 21% құрайды) алшақтауға тырысамыз. Жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жоспарлап отырмыз. Әрине, жүзеге асқан және асырылып жатқан жобалар көп. Соңғы бес жылда Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропалық инвестиция банкі таза және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды дамытуға 500 млн. евро көлемінде қаржыландырумен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта ЕО энергиялық тиімді ғимараттардың құрылысына ерекше көңіл бөліп отыр»,– деп хабарлады ЕО энергетика директоратының бас директорының орынбасары Герасимос Томас Астанада «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында өткен форумда. Ол Еуропа Одағының Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор екенін және Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ЕО мүше-мемлекеттердің қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.

«Астана, сөзсіз, жаңа және инновациялық қала. Қазақстандық үкіметтің саясатымен бірге дамудың үлкен әлеуетіне ие. Алайда, Астананы ғана емес, өзге қалаларды да жаңғыртуға және құрылыс барысындағы экологиялық таза шешімдерге назар аударған жөн. Сондай-ақ, энергиялық тиімділік ғимараттар мен қалаларға ғана қатысты емес, оны ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік және азаматтық қоғам сынды кез келген салада қолдануға болады»,– дейді Герасимос Томас.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button