Рухани жаңғыру

«Zhastar09.kz» – бәсекеге қабілетті

    Қарағанды жастары: «Бүгінде әлем елдерінің басым бөлігі тек латын графикасын қолданады. Жаһандану және ақпараттық технологияның жедел даму ғасырында тілді жаңғырту мәселесі – елдің бәсекеге қабілеттілігімен және инновация деңгейі, елдің инвестицияларға деген ашықтығы, адами капиталдың дамуы сияқты стратегиялық даму мәселелерімен тікелей байланысты. Латын графикасына көшу – қоғам санасын жаңғырту», – дейді.

Қолдау ретінде олар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасымен облыс жастарының латын графикасындағы «zhastar09.kz» жаңа сайтын таныстырды.

Жаңа порталдың ашылу салтанатына облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М. Құттыбай, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г. Қаңтарбекова, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Б. Әбдіғали, тіл мамандары және облыс жастары қатысты.

Жиында облыс жастары Елбасының латын графикасына көшу саясатын толықтай қолдайтындығын айтты. Олар қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшуіне қолдау көрсету мақсатын көздеді.

Сайтта латын графикасындағы қызықты және пайдалы ақпараттар қамтылған. Аталмыш сайт тек қана жастар үшін емес, облыс жаңалықтарымен латын тілінде танысқысы келетін барлық тұрғындарға арналып жасалған.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button