Білім

Жас полицейлер кадет сыныбы ашылды

Қарағандыда жас полицейлер кадет сыныбы ашылды. Онда Ж.Ақбаев атындағы мектептің 8-сынып оқушыларының 25 баласы білім алады.

Сынып ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастамасымен және Қарағанды қаласының әкімдігінің қолдауымен ашылған.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуге ант берген жас полицейлерді құттықтап, өздеріне алған міндеттемелерін абыроймен орындауға, лайықты білім алу үшін жақсы оқуларын тіледі.

Жоба аясында оқушылар ішкі істер органдарының қызметін реттейтін заңнаманың, нормативтік құқықтық актілердің негіздерімен танысады. Олардың кейбіреулері кәсіптік бағдар беруге көмектеседі және түлек саналы түрде полицияда қызмет ету туралы шешім қабылдауы мүмкін.

– Академия қызметкерлері Жақып Ақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларымен кездесулер өткізеді. Олар жасөспірімдерді көшедегі, мектептегі, күнделікті өмірдегі мінез-құлық ережелерімен таныстырады, сонымен қатар интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық туралы айтады, бұл қазіргі уақытта өзекті. Сабақтар айына төрт рет өтеді. Жобаның 25 қатысушысы үшін салтанатты киім тігілді, – деді Қарағанды академиясының мамандары.

Жоба алғаш рет Қарағандыда жүзеге асырылуда. Егер жобаның қажеттілігі айқындалып нәтиже берсе, онда басқа мектептер де жүзеге асырмақ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button