Жаңалықтар

«Жас келсе, іске»

      «Достық үйінде» облыстың үздік жас мемлекеттік қызметшілерін іріктейтін «Жас дарын» байқауы қорытындыланды. Салтанатты рәсім Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылды.

Бұл байқау облысымызда екінші мәрте өткізіліп отыр. Алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылған.

Қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті.

Байқаудың бас жүлдесі – Агайша Саинға бұйырды. Агайша Ғалымжанқызы – Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің бас маманы. І орынды Балқаш қаласы әкімі аппаратының жас маманы Расул Қасенхан жеңіп алды. ІІ орын – Ұлан Алмасқа (Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі), ІІІ орын Дана Мұхамедиеваға (Қарағанды облысы әкімінің аппараты) бұйырды. Жүлдегерлер дипломдармен, сертификаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, бірнеше жас мемлекеттік қызметшіге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өңірдің жас мемлекеттік қызметшілерінің республикалық байқауда да бақ сынағандары бар. Оларға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың Алғыс хаттары тапсырылды.

Осы салтанатты рәсімде мемлекеттік қызмет саласының тыныс-тіршілігін бұқараға жариялап жүрген журналистерге де құрмет көрсетілді. Жеңімпаз әріптестеріміз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысын кеңінен насихаттап келеді.

Үздік БАҚ өкілдерінің қатарында – Асылбек Тойбек («Қазақ­стан-Қарағанды» телеарнасы), Бақытгүл Матуова («5 арна»), Елена Ульянкина («Новый вестник» газеті) және Айым Амрина («Tengrinews») бар.

Бәрекелді!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button