Руханият

Жас буынға – толайым тарту

   Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында №2 және №3 Қазақ-түрік лицей-интернаттарына LEGO EV-3 негізінде жинақталған 10 робототехника жинағын Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Е.Аймағамбетов табыс етті.

Айтулы шараға ректормен қатар КЦ жетекшісі Е.Григоренко, облыстың білім басқармасының басшысы А.Аймағамбетов, «Сарыарқа дарыны» АҒПО директоры М.Сыздықов және мектеп әкімшілігі мен оқушылар қатысты. Оқушылар өздері құрастырған бағдарламалары негізінде роботтардың әрекеттері мен «3 Dlab» принтер жұмысын көрсетті.

Лицей оқушылары Қарағанды экономикалық университетіне заманауи техниканы сыйлап отырғанына рахметін айта келе, «Біз, жас ұрпақ, еліміздің болашағына үлес қосуға дайынбыз. Бойымыздағы қабілетімізді ұлт игілігіне жұмылдырып, биік шыңдардан танылуды өмірлік мұратымыз деп білеміз және сол бағытта аянбай еңбек етуге тырысамыз», – деп уәде берді. Қазақстандағы робототехника өте жас сала болғандықтан, енді аяққа тұрып, есейіп келе жатыр. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушылардың бұл салаға деген қызығушылығы арта түспекші. Сондықтан да мектептерде робототехника үйірмелері ашылып, оқушылар осы саламен танысуда.

Сәуле ЕДІЛБАЕВА,

2 Қазақ-түрік лицей-интернаты директорының

бейіндік оқыту жөніндегі

орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button