Жан-жақтылық – уақыт талабы

    Жақында №4 мектепте мектебіміздің жоғарғы санатты білікті ұстазы Айбарша ХҰРМАНХАННЫҢ ұйымдастыруымен «Мектеп дауысы – 2017» жобасы өтті.

Жоба – мұғалімдер мен оқытушылар арасында шығармашылық байланыс орнату, жастардың бойындағы таланттарын қолдау, «Мәңгілік Ел» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының көптілділік саясатын іске асыру бағыттарын мақсат етті. Жобаға 7 жұп қатысты. Байқаудың І кезеңінде эстрадалық әндер шырқау, ІІ кезеңінде кез келген жанрда шетел тілінде ән орындау болғандықтан, сайысқа қатысушы жұптардың құлшынысы ерекше болды.

«Мектеп дауысы» жобасы байқауға қандай өнерлерімен шығатыны туралы арнайы түсіріп дайындаған бейнеороликпен басталып, көрермендерге ұсынылды. Байқауды ашқан мектеп директоры Қ.Кұлболатова үміткерлерге сәттілік пен жеңіс тіледі.

Жобаға қатысушы жұптар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Осы жобада мектеп ұстаздары Н.Шүкірхан, Д.Әлжанова, М.Әділова Т.Төлеуқұлова, Г.Қабыханов, А.Совет, М.Крае­ва жан-жақты тұлға болу керек екендігін тағы бір дәлелдеді. Тағы бір қуантарлығы, мектебіміздің ата-анасы Әсия Шалғынбаева сайыскерлерге ризашылығын білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

Қатысушы жұптардың қай-қайсы болмасын, өздерінің белсенді, талантты екенін дәлелдеп, шықты. Байқаудың екі кезеңінен кейін қазылар алқасы үздіктерді анықтап, «Мектеп дауысы–2017» жүлдесі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі М.Әділова мен 7 сынып оқушысы Мадина Мараловаға берілді. Қалған сайыскерлер «Сахналық шеберлік», «Үйлесімді әуен», «Сахналық түр» «Әртістік шеберлік», «Көркем композиция», «Жұлдызды жұп» аталымдары бойынша марапатталды.

А. ЖАДРАСЫНОВА,

4 жалпы білім беретін орта

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.