Әдебиет

Жалған дүние!

Ей, жарық Дүние!
Сені жалған дегенмен,
Сені сүйіп келем мен.
Күй қозғаймын тереңнен,
Жыр толғаймын ерен мен.

Ей, жарық Дүние!
Сені жалған дегенмен,
Сені жазып келем мен.
Қуаныш пен қайғыңа
Еріп келем өлеңмен.

Бұдан артық не керек?
Дәулет пен бақ – көбелек.
Ей, жалған Дүние!
Жарығыңмен жүр жебеп.

Айлы түнің – рахатым,
Махаббатқа бататын.
Шық жамылған шақ қандай,
Шып-шып терлеп жататын!

Айнакөлің – айдыным,
Бал татыған байлығым.
Көңіл қалса дос-жардан
Алақанын жайды Күн.

Тамылжысын ақ таңың,
Төнбесінші баққа мұң.
«Аман болсын Әлем!» – деп,
Қабағыңды баққанмын.

Кейде ұшып үрейім,
Көз алдыңда жүдеймін.
Қара басқан пиғылға
Жарығың боп түнеймін.
Ей, жалған Дүние!
Шындық саған тілеймін.

Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button