Руханият

Жаңғырудың жарқын үлгісі

    Жуырда Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы жайлы жұртшылықтың жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру негізі» тақырыбында қоғамдық талқылау өтті.

Талқылау облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамының «Мемлекеттік тіл – менің болашағым» ақпараттық-насихаттау шараларының аясында жүзеге асты.

Шараға мұғалімдер, оқытушылар, болашақ филологтар, қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, лингвист ғалым Бектұрсын Қалиев және аталған жоғарғы оқу орнының профессоры, филология ғылымдарының докторы Қойлыбай Асанов,  Қарағанды «Болашақ» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Сембиев өзекті тақырып бойынша кеңінен талдау жасап, сұрақтарға жауап берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button