Жаңалықтар
Жаңғырту ісі – ауқымды
Биыл аймақтағы 22 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңірлер үшін 36 реанимобиль сатып алынады. Сондай-ақ, балалар нейро оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Медициналық ұйымдарды ядролық-магнитті томографтармен және компьютерлік томографтармен жасақтау ісі жалғасады.
Ауылдық жердегі амбулаторияларға қамқорлық күшейеді. Санитарлық көліктермен, диагностикалық құрылғылармен жабдықталады.
Саладағы жаңғырту жұмыстарына 66,3 млрд. теңге қарастырылған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға артық сома.
Нұрқанат ҚАНАФИН